Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте шенеуніктер қала орталығындағы қоғамдық көлікпен қатынап көргенімен, тұрғындар ықшам аудандардағы қатынас мәселесін сынайды. Ал ықшам аудандардағы автобустарға да мініп көремін деген қала әкімі кеше басқа қызметке ауысып кетті.
Оңтүстік Қазақстан олысында АИ-92 маркалы жанармай тапшы. Облыс орталығы Шымкент пен қалаға жақын жердегі Сайрам ауданының бірнеше жанармай құю бекеттерінде кезек байқалады.
6364 адам тұратын Хантағы ауылында тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Жергілікті әкімдік өкілі тіркелген 14-28 жас аралығындағы 1016 адамның 30-дан астамы ғана ауылдан жұмыс тапқанын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан 10 километр жердегі Хантағы ауылы 6 мың адам тұратын әжептәуір үлкен ауыл. Алайда тұрғындар ауылда жастар қалмағанын айтып, елді мекеннің болашағына алаңдайды. Жергілікті әкімдік өкілі тіркелген 14-28 жас аралығындағы 1016 адамның 30-дан астамы ғана ауылдан жұмыс тапқанын айтты.
Совет Одағы тұсында алдыңғы қатарлы ірі кен орны болған Ащысай ауылында қазір басты проблема – жұмыссыздық. Соңғы ширек ғасырда халқының саны күрт азайып кеткен ауылда негізінен балалар мен қариялар қалған. Тұрғындар ауылда тіршілік ету барған сайын қиындап барады дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласына екпе салдырудан бас тарту себебін түрліше түсіндіреді. Облыстық денсаулық сақтау департаменті «1341 ата-ана балаларына екпе салдырудан бас тартты, олардың 80 пайызы теріс діни ағымға кіріп кеткен» дейді. Ал тәуелсіз сарапшылар діни себеппен қатар, жұрттың вакцина сапасынан да тіксініп қалғанын айтады.
Совет тұсында алдыңғы қатарлы ірі кен орны болған Ащысай ауылында қазір басты проблема – жұмыссыздық. Соңғы ширек ғасырда халқының саны күрт азайып кеткен ауылда негізінен балалар мен қариялар қалған.
Совет Одағы тұсында алдыңғы қатарлы ірі кен орны болған Ащысай ауылында қазір басты проблема – жұмыссыздық. Соңғы ширек ғасырда халқының саны күрт азайып кеткен ауылда негізінен балалар мен қариялар қалған.
Шымкенттегі науқасқа көмек көрсетуге Алматыдан шыққан дәрігерлердің қазанның 3-і күні Ан-28 ұшағы апатынан қазаға ұшырауы ОҚО-дағы дәрігер тапшылығы мәселесінің шешілмей отырғанын көрсетті. Шымкенттік дәрігерлер ауыр науқастарды емдеу үшін Астана және Алматы қалаларынан мамандар шақыртуға мәжбүр екенін айтады. Ал қаза тапқан дәрігерлер көмек көрсетуі тиіс болған 30 жастағы әйел ОҚО ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкенттен шамамен 200 шақырым қашықта орналасқан Кентау қаласында 95 мыңнан астам адам тұрады. Кентаудағы бір кездері қала құрушы үлкен өндіріс орталығы болған кәсіпорындар қазір қаңырап бос тұр. Шағын қаладағы совет заманында тұрғызылған көпқабатты тұрғын үйлердің ескіргені байқалады. Тұруға жарамсыздарын бұзып жатыр.
Шымкент қаласындағы Албастысай шатқалы сталиндік репрессияның екі жарым мыңдай құрбаны атылып, көмілген жер ретінде белгілі. Өлке тарихына қанық адамдар құрбандардың есімдерін мәңгі есте қалдыру жеткілікті, ал репрессияны орындаушылардың есімдерін анықтап, жариялауды қажетсіз, артық нәрсе деп санайды.
Шымкентте «қылмыстық топ құрған деструктивті діни ағым мүшелері» деген күдікпен 19 қыркүйек күні арнайы іс-шара кезінде үш адам ұсталған. Полиция «тергеу құпиялылығына» күдіктілер ісіне қатысты ақпарат таратпай отыр.
Шымкентте «қылмыстық топ құрған деструктивті діни ағым мүшелері» деген күдікпен ұсталған үш адамға «терроризмді насихаттау» және «діни араздықты қоздыру» баптары бойынша іс қозғалып, олар екі айға қамалды. Полиция «тергеу құпиялылығын» алға тартып, күдіктілер ісіне қатысты ақпарат бермеді. Туыстары билік оларға «жала жауып отыр» деп санайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егетін Мақтарал ауданындағы шаруалар биылғы мақтаға құрт тиіп, өнімділік төмендеп кеткенін айтады. Жергілікті ауыл шаруашылығы саласының маманы субсидиядан басқа еш көмек берілмейді дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы шаруалар негізгі күнкөріс көзі саналатын мақта егіншілігінен биыл пайда көрмек түгіл шығынға батқандарын айтады. Жергілікті билік өкілдері мұны растайды, бірақ «қолымыздан ештеңе келмейді» дейді.
Білім және ғылым министрлігі былтырғы оқу жылында шығарған «Бірыңғай мектеп формасы туралы» бұйрықта қандай да бір дінді насихаттайтын киімді мектепте киюге тыйым салынған. Кей мектеп әкімшіліктері осы талапты негізге алып, орамал таққан қыз балаларды сабаққа кіргізбеген.
Қазақстан мектептерінде хиджаб дауы басылмай тұр.
Білім және ғылым министрлігінің былтырғы оқу жылының ортасында шығарған бірыңғай мектеп формасы туралы бұйрығы биылғы оқу жылының басында барлық дерлік аймақтарда дауға айналып жатыр. Мектеп пен діндар ата-аналар арасындағы тығырыққа тірелген кикілжің енді жерде-жерде сотпен шешілетін сияқты.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы 264 отбасы тұратын Шұқырсай ауылында мектеп жоқ. Тұрғындардың айтуынша, олар он жылдан бері мектеп салып беруді әкімдіктен сұрап келеді. Жергілікті билік Шұқырсайдан мектеп салу жоспарда барын айтқанымен, уәделі құрылыстың қашан басталары белгісіз.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Шұқырсай ауылы тұрғындары биліктен мектеп салып беруді талай жылдан бері сұрап келеді. Шұқырсайлық жарты мыңдай бала көрші ауылға қатынап оқиды. Жергілікті билік ауылға мектеп салу жоспарда бар екенін айтқанымен, құрылыстың қашан басталары белгісіз.
Тағы