Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Биыл Атырауда үкіметтің жер кодексіне түзету енгізу арқылы ауыл шаруашылық жерлерін жалға беру мен сату тәртібін өзгерту жоспарына қарсы ең көп адам қатысқан митингінің өткеніне бес жыл. 2016 жылдан бері не өзгерді?
Қазақстанның батысы, мұнайлы өңір Маңғыстау облысында мұнайшылар айлықты өсіруді талап етіп, ереуілге шығып жатыр. Олар джалақыны өсіруді талап етеді. Мұнайшылар талабы жайлы депутаттар не дейді?
Алматыда Қытайдың мұсылмандарды қудалау саясатын сынап, туыстарына бостандық сұрап жүргендердің наразылығы әлі жалғасып жатыр.
Қазақстанда 14 сәуір күні мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберген Жер туралы заң жобасы тағы сынға қалды. Жобада шетел азаматына "орман өсіру үшін" жерді жалға беру қарастырылған. Бұған қарсылар "билік 2016 жылғы халықтың талабын айналып өтпек" дейді.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары кешелі бері еріген қар суымен алысып әлек. Айтуларынша, кем дегенде 10 үйге лай су кіріп, жиырма шақты аула мен қора-қопсық көлкіген судан зардап шеккен. Жұрт әкімдіктен көмек жоғын, тасқын сумен өз күшімен күресіп жатқанын айтады.
7 сәуірде Атырау облысы Теңіз кеніші аумағындағы мұржадан ауаға күкірт түтіні тарады. Жергілікті халықтың айтуынша, аймақта мұндай оқиға жиі болып тұрады. Экобелсенді сөзінше, Атырау билігі бұл компанияға айыппұл төлетеді, бірақ ол ақша жергілікті тұрғындарға бұйырмайды.
Қытайдағы әйелі мен баласын төрт жыл көрмеген Алматы тұрғыны Жеңіс Зарқан "Нұр Отан" партиясына шағым айтып барды. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Шыңжаңда қысым көріп жатқан" туыстарын қайтаруға құлық танытпайды дейді.
Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плаза» кешенін салған шетелдік құрылысшылардың тамағын істеп, жатын орын тазалығына жауапты болған адамдар бірнеше айдан бері жалақы алмаған. Олар «араб компаниясы еңбекақымызды толық төлесін» дейді.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, қызыл аймақтың саны беске жетті. Денсаулық сақтау министрлігі вирустың басқа штамдары анықталғанын мәлімдеді. Науқастың көптігі сондай Алматыда спорт сарайы емдеу орталығына айналған.
Бүгін, 19 наурыз Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кеткеніне екі жыл. 30 жыл бойы елді үздіксіз билеген ол 2019 жылы 19 наурызда өкілетін тоқтататынын мәлімдеген.
Нұр-Сұлтанда бір топ үлескер президент әкімшілігіне барып, үй неге берілмей жатқанын сұрады. Олардың сөзінше, құрылыс салынған, бірақ пәтер кілті әлі табысталмаған және тұрғын үй құрылыс кооперативі түсініксіз себеппен ақша талап етеді.
Азаттық тілшісі елде оппозициялық топтар түрлі жиындар, наразылық шараларын ұйымдастырып жатқан тұста жұрттан "елде оппозиция бар ма?" деп сұрады.
Президент Тоқаев ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу туралы заңды мәжіліске жолдады. Қазақстанда бұған дейін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мыңдаған гектарлап иеленіп алғандар бар. Ол жерлер қайтарыла ма?
Қытайдың саяси қуғын-сүргінін басынан өткерген қазақ Азаттыққа лагерде көргендерін айтып берді. Ол қазір Қазақстан азаматы. Нұр-Сұлтанда тұрады. Шыңжаңда қалған туыстары көп. Сондықтан әйел аты-жөнін атамауды, жүзін көрсетпеуді сұрады.
Қазақстанда ресми түрде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелгеніне, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid індетін пандемия деп жариялағанына бір жыл толды. Былтырғы наурыздан бері вируспен алдыңғы шепте дәрігерлер күресіп жүр. Солардың бірі - 29 жастағы фельдшер Қасым Шынтас.
ҚҚазақстанда коронавирус анықталғанына бір жылдай уақыт болды. Бір жылда ресми статистика бойынша, 270 мың адам індетке шалдықты, 3,5 мыңға жуық адам қайтыс болған. Азаттық депутаттардан "Індет кезінде билік азаматтарды толық қорғай алды ма?" деп сұрады.
Қазақстанда жыл басынан бері екі айда интернеттегі алаяқтарға алданғанын айтып төрт мыңдай адам шағым жазған. Оның тек он пайызы ғана ашылған. Сарапшы сөзінше, интернетте кез келген адам туралы ақпараттың ашық әрі көп болуы алаяқтарға қолайлы.
56 жастағы нұр-сұлтандық Сәуле Сейдахметова тоғыз жылдан бері мұнаралы кранда оператор болып жұмыс істейді. Жезқазанның тумасы әлі салынып бітпеген астанаға жұмыс іздей келген. Бірақ саяси көзқарасына бола, талай рет жұмыстан қуылған.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер екі апта, мүгедек баласы бар әйелдер бес күннен бері қалалық әкімдіктен кетпей, бірінші қабатында қонып жүр. Бірақ үшінші қабатта отыратын әкім Алтай Көлгінов олардың алдына әлі келмеген. Әйелдер үкіметтен жәрдемақы, баспана талап етеді.
Алматыда бір топ адам 25 күннен бері Қытай консулдығы алдына келіп, Шыңжаңда қамауда отырған туыстарына араша сұрап жүр. Азаттық сенат депутаттарынан "Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүргендердің мәселе қалай шешілуі керек?" деп сұрады.
Тағы