Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Қазақстан қылмыстық кодексінің жаңа жобасы жасалды. Оны енді депутаттар талқылайды. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған.
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң актілеріне түзетулер енгізілді. Бала-шағасының шырқын бұзатындар енді айыппұлмен ғана құтылмай, абақтыға да қамалады.
Қарағанды қаласының ондаған тұрғыны қоғамдық көліктің жолақысын қымбаттатуға қарсы акция өткізді. Ал 3 мыңдай адам жолақының бұрынғы тарифін сақтап қалу үшін әлеуметтік желіде бірікті.
Тергеуші «Благодать» пресвитериан шіркеуінің қамаудағы пасторы Бақытжан Қашқымбаевты қылмыстық істің 17 томдық материалдарымен 10 күн ішінде танысуға міндеттеген.
Астана қаласы тұрғыны Үміт Нұртазинаның сот арқылы даулап жүрген пәтерінің есігінің түбінде тұрып жатқанына тоғыз ай болды. Оны баспанадан бірнеше пәтері бар үлескер ретінде шығарған.
Астанада наразылық жиынын өткізгендер билікті азаматтардың тұрғын үй құқығын сақтауға шақырды. Митингке баспанасын қорғап бір жұма кран басында отырған әйел де қатысты.
Астана қаласында жеке меншік үйді бірігіп жалға алған бірнеше адам иесіз қалған, қаңғыбас мысықтарды паналататын арнайы орын ашты. Волонтерлер арасында 12 жастағы қыз бен оның құрбысы да бар.
Астанадағы Оқушылар сарайында өткен алғашқы "Президент шыршасына" жетімдер мен әлеуметтік жағдайы нашар балалар шақырылып, әрқайсысына 75 мың теңгелік сыйлық әзірленді.
Астанада парламент қылмыстық-атқару кодексі нормаларын талқылап жатыр. Бұл заңдарды ізгілендіру туралы ұсыныстарын түрмеде отырған Вадим Курамшин де жолдады.
Астанада белгілі тұлғаларды жерлейтін ұлттық пантеон жобасына конкурс жарияланды. Оның қандай болатынын әлі ешкім білмейді, бірақ «Кім жерленеді?» деген сұрақ төңірегінде талас жүріп жатыр.
Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары генерал-майор Асқар Бөлдешевті сот «қызмет өкілеті мен билігін асыра пайдаланған» деп таныды.
Психиатриялық ауруханаға тағы да күштеп қамалу қаупінен қорыққан балқаштық адвокат Зинаида Мухортова Қазақстаннан кетіп қалды. Оның қайда екені белгісіз.
Қамауда отырған протестант пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың діни қызметінен сарапшылар «экстремистік идеяларын» тапты. Бұл істе «қызғылт-сары төңкеріс» туралы да сөз болады.
Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты жанжалды іс сотқа жіберілді. Оған «халық санағына бөлінген ақшаны жымқырды» деген айып тағылғанымен, санақ қорытындысына күмән туған жоқ.
Қазақстан жоғарғы соты оппозициялық басылымдардың «Республика» деген біртұтас БАҚ» ісі бойынша шағымын қанағаттандырмады. Оппозициялық БАҚ енді Қазақстаннан тыс ұйымдарға шағымданбақ.
Қазақстан күнтізбесіне жаңадан екі кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, Еңбек күні қосылды. Соңғы екі жылда Қазақстанда аталып өтетін мерекелік немесе «кәсіби» күндер саны екі есеге артты.
Соңғы жылдары Қазақстанда жиілеп кеткен адам саудасының жаңа және бұрыннан бар проблемалары жайлы Азаттыққа Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық өкілі Деян Кесерович сұхбат берді.
Жоғарғы сот құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің үкіміне қатысты қадағалау өндірісін қозғау туралы шағымды қанағаттандырмай тастады. Қазақстанда оның адвокаттары шағымдана алатын сот қалған жоқ.
Insiderman сайтындағы мақалаға байланысты «судьяға жала жабылды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Сайт басшысы Валерий Сурганов ол айыпты мойындамайды. Судья Дания Қисықова «беделіме нұқсан келді» дейді.
Астанада наразылықты аяқтаған бойда үйлерінен шығарылған жандарды таныстары мен көршілері паналатты. Қазір құрылысшылар олардың үйін бұзып жатыр. Келесі кезек – көршілерінікі.
Тағы