Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының 37 жастағы тұрғыны Назира Бекбаева 6 жасар ұлын сабағаны үшін жазаланды.
Шымкенттегі 90-мектептің мұғалімі мектеп зертханасында "асылып өлді" деп хабарланды. ОҚО полициясы бұл оқиға бойынша тергеу-тексеру жүріп жатқанын айтады. Шымкентте былтырдан бері осымен екінші мұғалімнің "мектеп ғимаратында өзіне қол жұмсағаны" тіркелді.
Шымкент мектебіндегі мұғалім өлімін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тексеріп жатыр. Ал қайғылы оқиға болған мектеп ұжымы әріптестерінің өліміне не себеп болғанын біле алмай отыр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық жүйке аурулары диспансеріне сот қаулысымен еркінен тыс бір айға жатқызылған шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің туыстары апелляциялық шағым түсіріп, белсендінің ісін қарап жатқан тергеушіні сотқа берді.
Шымкенттегі "Гарант" дүкенінде "терроризмді насихаттады" деп ұсталған "телефон сатушы" жігіттің ісіне қатысты сот шешімі шықты.
Шымкент қаласында 40 шақты адам "балмұздақтан уланып", ауруханаға түсті. Олардың көпшілігі - балалар.
"Терроризмді насихаттады" және "діни алауыздықты қоздырды" деп айыпталған Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Дастан Бердімұратов бес жылға сотталды.
Қазақстанда баласына вакцина салдыруға қарсылық білдірген тұрғындар саны бір жылдың ішінде шамамен екі мың адамға артқан. Мамандар екпе салдырудан бас тарту адам өміріне қатерлі дертке себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.
Билік Сарыағаштағы "зорлық көрген" баланы Астанаға жеткізді. Жергілікті полиция басшылары жұмыстан алынып, кей шенеунік қызметтен шеттетілді. Белсенділер Алматыға тәуелсіз мамандарға көрсетпек болған баланы биліктің алып кеткеніне наразы.
Оңтүстік Қазақстан облысында "зорланған" 7 жасар баланы туыстары тәуелсіз мамандарға көрсеткілері келеді. Білім мекемелері басшылары зорлау болғанына дәлел жоғын айтады. Полиция қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір қаласына қарасты Шахта Тоғыз ауылындағы ИЧ-167/9 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Батырхан Жүсіповтің туыстары оның соққыға жығылып, бір жарым жылдан бері төсек тартып, мүгедектер арбасына таңылғанын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір қаласына қарасты Шахта Тоғыз ауылындағы ИЧ-167/9 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Батырхан Жүсіповтің туыстары оның соққыға жығылып, бір жарым жылдан бері төсек тартып, мүгедектер арбасына таңылғанын айтады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Жүсіповтің денсаулығы туралы мәліметтер «дәрігерлік құпия болып саналатынын», ол туралы басқа да деректер «жариялауға жатпайтынын» хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шұбарсу ауылында отбасындағы жанжал кесірінен екі әйел ажал құшты. Өткен жылы аймақта әйелдерге қарсы жасалынған 11 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Солардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері құрбандарының саны ондап саналады.
Шымкенттегі Қайнарбұлақ ауылының тұрғындары қыстың суығында көмірдің тоннасын 20 мың теңгеден сатып алуға мәжбүр екендерін айтады. Жергілікті билік өкілі көмір бағасы одан арзан дейді.
Шымкентте тасымалмен айналысатын компаниялар «әкімдік жөнсіз тексеріп, түрлі шарттарға көндіру үшін мәжбүрлейді» деп наразы. Әкімдік "қоғамдық көлікте тәртіп орнату қажет" деп санайды. Мәселені тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері қатысқан жиында талқылады.
Шымкент қаласының іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары газ бен көмір сұрайды. Олар отын болмаған соң саяжайдағы үйлердің қыста суық екенін, көмір бағасының да қымбаттап тұрғанын айтады. Әкімдік өкілі "көмір қымбаттамады" дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық көлік қызметінен мыңға жуық заң бұзушылық анықталды
ОҚО-да жылына шамамен 3 мың адам қатерлі ісік ауруымен тіркеуге алынады. Дәрігерлер соңғы 10 жылда мұндай дерттілер саны екі есеге артқанын айтады. Олардың ішінде жатыр мойны рагына ұшыраған әйелдер де көп.
Тағы