Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық көлік қызметінен мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Қаңтардың 18-інде Ақтөбе облысында еңбек мигранттарын Өзбекстаннан Ресейге тасымалдаған ОҚО-да тіркелген автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқан соң республика бойынша қоғамдық көліктерді тексеру басталған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының маңындағы Хантағы мен Ащысай ауылында жапон тұтқындарының төрт қорымы бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында жапон тұтқындарының төрт қорымы бар. Қараусыз қалған бұл қорымдарда аты-жөні әлі күнге белгісіз соғыс тұтқындары жерленген.
Оңтүстік Қазақстан облысында қаңтардың басынан бері газдан уланып 7 адам қайтыс болған. Өткен жылы аймақта 23 адам иіс тиіп көз жұмған. Мамандар қайғылы оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болатынын айтады.
Қыс ортасында Шымкент тұрғындары көмір тапшылығын көріп отыр. Жергілікті тасымалдаушы компания Шұбаркөлден отын жетпей қалғанын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында жазушы-ғалым Құлбек Ергөбек ұйымдастырған кітапхана қорында башқұрт, құмық, малғар тәрізді 24 түркі тіліндегі 35 мыңға жуық кітап бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында түркі тілдес халықтар кітапханасы жұмыс істейді. Мекеменің құрылу тарихы назар аударуға тұрарлық. Сирек кездесетін шығармалар мен бірқатар ақын-жазушы, ғалымдардың жеке кітапханасының қоры жиналған бұл орталық түрколог Құлбек Ергөбектің күшімен ашылған. Түркістанға көшіп барған профессордың жеке қорындағы "15 мың кітаптан басталған кабинет" қазір 40 мың кітабы бар қалалық кітапханаға айналған.
Былтырғы қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуінде "2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болады" деп мәлімдеген. Осы келісім негізінде Шымкент-Ташкент арасында автбоус бағыты ашылды.
Шымкент тұрғындары коммуналдық төлемдердің өсуі қоғамда наразылық тудыруы мүмкін екенін ескертеді. Шенеуніктер тариф заң негізінде қымбаттағанын, ал монополистер бағаны көтеруге мәжбүр екендерін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдерге қарсы құқық бұзу оқиғалары былтырмен салыстырғанда биыл көбейе түскен. Мамандар мұның бірнеше себебін айтады. Сарапшылар ішінде бүкіл қоғам менталитеті өзгермейінше проблеманың шешілмейтінін айтқандар да бар.
Шымкенттегі көпқабатты үйдің тұрғындары бір айдан бері жылу берілмей, қыс мезгілінде суық үйде отырғандарын айтып шағымданды. Үйдің жертөлесіндегі жылу құбыры қараша айының басында жарылған. Жергілікті билік жылудың үй іргесіне барып тұрғанын, ал ортақ меншік болып саналатын жертөле сияқты нысандарды күтіп ұстау тұрғындардың өз мойнында екенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жылына ВИЧ инфекциясын жұқтырған ондаған әйел балалы болады. Дәрігерлер үш жылдан бері дертті аналар туған нәрестелердің ішінде «инфекция жұқтырғаны жоқ» екенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында "терроризмді насихаттады" және "діни алауыздықты қоздырды" деген күдікпен ұсталған он адам қарашаның 20-сында уақытша қамалды. Туыстары олардың кінәсіз екенін айтады.
ОҚО-да "терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды" деген күдікпен ұсталған 11 адаммның оны екі айға қамауға алынды.
ОҚО-да исламның "салафи ағымын ұстанатын" бір топ адам өздерін арнайы есепке қойып, саусақ іздерін алған полицияны "азаматтық құқығымызды бұзды" деп айыптайды. ІІД "алдын алу шаралары" жасалғанын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысында исламның «салафи ағымын ұстанатын» бір топ адам өздерін арнайы есепке қойып, саусақ іздерін алған полицияны «азаматтық құқығымызды бұзды» деп айыптайды. Прокуратура олардың шағымын полицияға жолдаған. Облыстық ішкі істер департаменті «алдын алу шаралары» жүргізілгенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында орта ғасырларда қазіргі Қазақстанның аумағында қолданыста болған ақша түрлері мен Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шығарылған ұлттық валюта үлгілері қойылған көрме ашылды.
Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты «мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті» үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовті «салықтан жалтару» айыбы бойынша екінші рет соттады. Сот кәсіпкер мен оның «сыбайласы» деп танылған сегіз адамды айыпты деп тапты.
Тұрғындар қалалық жолаушы көліктері тез толып, оқушыларды алмай кететіндерін айтып шағынады.
Тағы