Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Павлодар өңіріндегі әкімдер тартысы Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовті жұмыстан шығарумен аяқталды. Бұған 19 мамырда өткен әдеп комиссиясының шешімі негіз болған. Енді экс-әкім Нұржан Әшімбетов не істемек? Дауға не түрткі болды? Астарында не бар? Азаттық тілшісі Павлодарда болып қайтты.
Нұр-Сұлтанда "Шапағат" базарының сыртында тұрып сауда істейтін сатушылар екі күннен бері наразылық білдіріп жатыр. Әкімдік тазалық керек екенін айтып, орынды босатуды талап етеді, саудагерлер күн көрісті алға тартады.
Қазақстанда оқу жылы аяқталды. Індет қаупіне байланысты елде сабақтың көбі онлайн форматта оқылды. Оқушы да, мұғалімдер де экранның ар жағынан берілген білімнің сыныпта отырып оқығанға жетпегенін айтады.
Қазақстанда тұрғындардың коронавирус жұққан-жұқпағаны туралы дерегі топтастырылған "Ashyq" мобилді қосымшасы ашылмай қалды. Қосымша жұрттың әуежай, мейрамхана, фитнес, ойын-сауық орталықтары, сауна және спа салондарға кіруі үшін қажет екені айтылған.
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бір күнде 4,5 мыңнан 6,5 мыңға бір-ақ секірді. Бұған дейін есептеу әдісін бірнеше рет құбылтқан денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, былтырдан бері екі мыңнан астам марқұмның аты-жөні тізімге енбей қалған.
Қазақстан билігі жеңілдетілген баспана алу бағдарламасын тоқтатпақ. Әу-бастан үйге мұқтаж жандарға деп әзірленген "Баспана хит" бағдарламасы биыл жабылмақ. Ал бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған "7-20-25" жобасы 2022 жылдың аяғына дейін ғана жұмыс істемек.
Қазақстанда кейінгі бір айда бензин тағы 10-15 пайызға қымбаттады. Жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензині сәуірде 160 теңге тұрса, қазір 170-177 теңгенің аралығында. Тұрғындар жанармай қымбаттаса, азық-түлік пен басқа тауарлар құны аспандап кетеді деп налиды.
"Қытай ұлдарымды Қазақстанға жібермей отыр" деп арызданып жүрген Алтынхан Қалиярқызы жақында екі баласымен қауышты. Үшіншісі арғы бетте қалып қойған. Қалиярқызы қазір қолына уақытша келген екі ұлын кері қайтарғысы жоқ.
17 мамырда Нұр-Сұлтанда бір топ борышкер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауын сұрап, наразылық білдірді. Бұған дейін де бірнеше рет Ақорда маңына жиналып, президентпен кездесе алмаған тұрғындар Тоқаевты туған күнімен құттықтады және "арыз-шағымды өз аузымызбен айтқымыз келеді" деді.
Қазақстандағы екі оппозициялық топ жетекшісі - Жанболат Мамай мен Мұхтар Әблязов жақтастарын 15 мамырда митингіге шығуға шақырды. Осыдан соң жер-жерде белсенділерге қысым күшейді. Кейбірінің үйіне полиция келіп, бөлімшеге баруды талап еткен.
Екі жыл бұрын Түркияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық студент Елдана Қаһарманның өліміне түрік билігіндегі партия депутаты кінәлі болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл туралы Түркияда сотталған, қазір шетелде тұратын Седак Пекер мәлімдеді. Бірақ бұл айыптауды депутаттың өзі жоққа шығарды.
Шетелге жұмыс істеуге не оқуға барып, әртүрлі жағдайда қаза табатындар аз емес. Көп жағдайда олардың денесі сыртқы істер министрлігінің көмегімен елге жеткізіледі. Қазақстан сыртта жүрген азаматтарын қалай қорғап жатыр? Парламент депутаттарының пікірі.
Нұр-Сұлтан қаласында жетпіс шақты адам "Астана Тазалық" мекемесінің алдына жиналып, жалақы өсіруді талап етті. Кейбірінің сөзінше, наразылар бұдан да көп, бірақ олар басшылықтың қысымынан қорқып, шағымдарын ашық айта алмайды.
Нұр-Сұлтанда "Гүлжан" базарының саудагерлері жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына наразы. Қаулы бойынша, вакцина егу бөлмелері бар сауда орындары ғана жеті күн үздіксіз жұмыс істей алады. "Сауда жүрмей, табыс азайды" деген сатушылар қаулының мәнін түсіндіруді талап етті.
Қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Әблязов халықты митингіге шақырған күні Қазақстанның бірнеше қаласында қауіпсіздік күшейіп, билік орталық саябақ пен базарларды жауып тастады. Байланыс нашарлап, интернет өшті. Азаттық дерегінше, осы күні 13 белсендіні полиция күшпен ұстап әкеткен.
Алматыда судья ұсталған соң "оның көлігі мен үйінен миллиондаған доллар табылғаны" туралы ақпарат тараған. Бұдан кейін қалалық сот прокуратураға арыз жазды. Қазір құзырлы органдар "жалған қауесетті" әуелде кім жариялағанын анықтап жатыр.
"Орман өсіру үшін жер шетелдікке жалға беріледі" дейтін даулы бабы бар заң жобасын сенат мәжіліске кері қайтарды. Жоғарғы палата осы сөйлемді алып тастауды ұсынды. Жоба президент тапсырмасымен дайындалған және 2003 жылғы Жер кодексі мен тағы бірнеше заңға өзгеріс енгізуді көздейді.
"Нұр Отан" партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазақстандық журналистің сұрақтарына жөнді жауап бермей сынға қалды. Депутат журналисттің парламентте қаралып жатқан жер туралы заң жобасы жөніндегі сұрақтарына "неге оттай береміз?" деп кейіген.
Қорғаныс министрлігіне қарасты ғимараттардың құрылыс жұмыстарымен айналысқан мердігер компаниялар жүздеген миллион теңге алашағы барын айтып шағымданды. Министрлік ақшаны құрылысқа жауапты серіктестікке аударғанын айтады. Ал серіктестік есепшоттағы ақшаның қайда кеткенін білмейді.
Қазақстан алдағы аптадан бастап ел ғалымдары жасаған екпені жұртқа сала бастамақ. Вакцина әлі сынақтан толық өтпеген.
Тағы