Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Астана қаласы билігі «көп балалы аналар халықаралық әйелдер күніне орай үш мың теңге көлемінде материалдық көмек алады» деп жариялады. Кейбір әйелдер басқа сыйлықты армандайды.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы мен еңбек кодексіне енгізілетін түзетулерде жас мамандарды жұмыспен қамтуға кепілдік қарастырылған. Бірақ бұл кепілдіктердің көбі ұсыныс түрінде жазылған.
Құқық қорғаушылар мен журналистердің жала жабу бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға қарсы уәждері ескерілмеді. Депутаттар жазаны күшейтуден бас тартқысы келмейді.
Мәжіліс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Кейбір депутаттардың айтуынша, кодексте «қылмысына қарай жазасы» принципі сақталмаған.
19 ақпанда Астанада парламенттің экс-депутаты Бақыт Сыздықованың соты басталмақ. «Нұр Отан» партиясы одан 7 миллион теңге даулаған. Енді «Сыздықова тағы ақша қарыз екен» деген сөз тарады.
«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы, тоғыз ай абақтыда отырған Бақытжан Қашқымбаев бостандыққа шықты. Бірақ ол шіркеуге келіп жүрген әйелдердің бірінің «психикасына қасақана ауыр зардап келтірген» деген айыппен шартты жазаға сотталды.
Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева дүние-мүлкі тәркіленіп, 7 жылға сотталды. Сотталушы үкімге қатысты ештеңе демеді. Адвокаты шағымданатынын айтты.
Прокуратура «Благодать» шіркеуі пасторы Бақытжан Қашқымбаевты «шіркеуге келген әйелдің денсаулығына қасақана залал келтірді» деген айып бойынша үш жылға соттауды сұрады. Пастор бұл істі «қолдан жасалған процесс» деп атайды.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев ісіне қатысты процесс сотталушы мен оның адвокатынсыз өтіп жатыр. Оның мүддесін сот тағайындаған жаңа адвокат қорғайды.
Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева «ақша жымқырды» деген айыпты мойындамайды. Сотта халықаралық ұйым өкілдерінің сотталушыны қолдаған хаттары да оқылды.
Қарағандыда колледж бен жоғары оқу орны студенттері наурыздың 1-інен қоғамдық көлікке қайтадан 50 теңге төлей бастайды. Билік жолақыны қымбаттатудан наразылық күшейген соң бас тартты.
Ішкі істер министрлігі тұтқындарды сәлемдеме алу және ұзақ мерзімді кездесу құқығынан айыруды ұсынып отыр. Құқық қорғаушылар Қазақстан түрмелеріндегі тәртіптің қатая түскенін айтады.
Қазақстан президентінің жақын серіктерінің бірі Оралбай Әбдікәрімов жемқорлыққа қарсы «Жаңару» жалпы ұлттық қозғалысы құрылғанын мәлімдеді. Қозғалыс белсенділері тегін жұмыс істейтінін айтады.
Қазақстан парламенті мәжілісі әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрме жазасын тағайындайтын жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваның ісі бойынша өтіп жатқан сот қылмыстық іс материалдарын жариялауға кірісті. Сотталушы журналистерден тексеру жүргізуді сұрады.
Қазақстанның қылмыстық заң жобасында ел президентіне қастандық жасағаны үшін (кісі қазасы болмаса да) өлім жазасы белгіленген. Бас прокуратура бұл бапта жазаның ең ауыр осы түрін қалдыру керек дейді.
Адвокаты жоқта аяқ астынан тағы бір сот отырысы өтіп, пастор Қашқымбаевтың ауыр екі айыбын алып тастады. Бірақ адвокат «сот бұл отырысты менсіз өткізбеуі тиіс еді» дейді.
Жала жабу туралы бап Қазақстан қылмыстық кодексі жаңа жобасынан алынып тасталған жоқ, керісінше күшейді. Баспасөзді қорғаушылар мен кей депутаттар бұл баптан қылмыстық жауапкершілікті алып тастауға шақырады.
Парламент депутаты қыз алып қашқандарды қатаң жазалауды ұсынады. Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздарды ұрлауға қарсы жазалау шарасын қолдану талай айтылса да, қолдау таппай келеді.
«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың ісі бойынша Астанада басталған сот отырысының алғашқы күні қорғаушы тараптың бірнеше өтініші қанағаттандырылмады.
Тағы